Бүгін Аралтөбе ауылдық округінде Сырым аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен көшпелі отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенгалиева, аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй – коммуналдық, шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Т.Даргужиев, комиссия мүшелері Б.Тасқалиев, Р.Ихсанова, С.Берсебаев, аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі комиссиясы төрағасы А.Дүйсенғалиев, комиссия мүшелері С.Тоқмамбетов,А.Ниязгалиева және аудандық мәслихаттың ауылшаруашылық және кәсіпкерлік жөніндегі комиссия төрағасы Б.Хамидуллин, комиссия мүшелері Ж.Шапешов, В.Жумагалиев, Д.Тайшиев, Аралтөбе, Қособа және Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімдері Ә.Мұхитов, Ж.Сатаев, Т.Айтқалиев қатысты. Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

1.Аралтөбе ауылдық округі әкімінің ауылдық округ депутатымен бірлесіп атқарған жұмысы туралы;
Бірінші мәселе бойынша Аралтөбе ауылдық округінің әкімі Ә.Рахымжанұлы баяндама жасады. 

2. «Қособа ауылдық округі әкімінің 2016-2017 жылдары округта өткізілген мәдени іс – шаралар туралы»
Екінші мәселе бойынша Қособа ауылдық округінің әкімі Ж.Аспендиярұлы баяндама жасады.

3. «Шолақаңқаты ауылдық округі әкімінің 2016-2017 жылдары округта өткізілген мәдени іс – шаралар туралы»Үшінші мәселе бойынша Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі Т.Саламатұлы баяндама жасады.

 4.«№2 Қарасу сайлау округінен аудандық мәслихат депутаты С.Тоқмамбетовтың депутаттық қызметі және сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі есебі» туралы
Төртінші мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты С.Тоқмамбетов баяндама жасады.

5. «№5 Қособа сайлау округінен аудандық мәслихат депутаты Ж.Шапешовтың депутаттық қызметі және саулауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі есебі» туралы
Бесінші мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты Ж.Болатұлы баяндама жасады.

6. «№7 Бұлдырты сайлау округінен аудандық мәслихат депутаты Б.Тасқалиевтің депутаттық қызметі және сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі есебі» туралы
Алтыншы мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты Б.Тасқалиев баяндама жасады.

7. «№11 Алғабас сайлау округінен аудандық мәслихат депутаты С.Берсебаевтың депутаттық қызметі және сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі есебі» туралы.
Жетінші мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты С.Берсебаев баяндама жасады. Отырыс барысында ауылдық округтердегі дәрігер мен тегін дәрі – дәрмектердің жетіспеушілігі, балабақша ашу мәселесі және мәдениет үйлерінің соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталуы туралы мәселелер талқыланып, ұсыныс – пікірлер ортаға салынды. Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенгалиева және аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері Аралтөбе ауылдық амбулаториясының және мектеп ғимаратының қазіргі жағдайымен, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша іске асырылып отырған су құбырларының құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.