Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиевтің төрағалығымен Кәсіпкерлер кеңесі өтті. Кеңеске мүшелері, кәсіпкерлер, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі шағын және орта бизнес субъектілеріне жер телімі берілу кезіндегі кедергілерді жою, алдын алу және жер учаскелерін меншікке немесе жерді пайдалану туралы ұсыныстарды қарау жөнінде аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Бердес Төлегенов хабарлама жасады.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Арман Баяндықов 2017 жылы желілік кестеге сай жүзеге асырылған жобалар және аудан бойынша азық-түлік бағаларына жасалған талдау мен жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы айтты.