Алдымызда ақ қылышын сүйретіп қыс келіп қытымыр аязымен ұйытқытатын борандар басталғалы тұр. Сол себепті 2017 жылдың 08 қараша күні Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастамасымен Жымпиты ауылында орналасқан тұрмысы нашар отбасылардың жылыту маусымына дайындығын аудандық өрт сөндіру бөлімі, жергілікті полиция қызметі және аудан әкімдігінің төтенше жағдайлар саласының мамандарының қатысуымен тексеріс жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою жолдары түсіндірілген болатын. Жылыту маусымы кезінде қандайда бір төтенше жағдайларға душар болмас үшін жылыту маусымына арнап дайындалған облыстық Төтенше жағдайлар департаментімен дайындалған жадынамалар үйлестірілді. Жалпы алатын болсақ орын алатын өрттердің 80 пайызы тұрғын үйлерде орын алып, соның ішінде улы газбен уланып қалу оқиғасы да жиі орын алып жататын жайттардың бірі болып есептеледі. Олардың барлығы тұрғындардың жылыту құрылғыларымен электр желілеріне немқұрайлық танытуы салдарынан орын алатындығын күнделікті өмірде көріп жатамыз. Сондай оқиғалар сіздің үйінізде орын алмауүшінкелесідейталаптардыорындапжүруіңіздісұраймыз:
- Электр және газ құрылғыларын қосулы күйінде қалдырманыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;
- Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз; 
- Газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;
- Бөлмені жылыту үшін газ пешін пайдаланбаңыз;
- Үйден шығарда барлық газ және электр құрылғылардың өшкендігін тексеріңіз;
- Жылыту пештерін уақытылы жөндеп, түтін құбырларын күйеден тазалаңыз;
- Пешті жылдам жаңғыш сұйыұтықпен қыздырып жақпаңыз;
- Жанып жатқан пешті және электр құрылғыларды қараусыз қалдырмаңыз
- Газ қондырғыларын пайдаланған кезде абай болып, газ иісі шықса газ балонның вентилін жауып, терезені ашып, бөлмені желдетіп, құтқару қызметін көмекке шақырыңыз.