Аудандық мәслихат депутаттары мен Жымпиты ауылдық округі әкімі Қайрат Төлепов Сырым Датұлы көшесінен Исаев көшесіне дейін салынған тротуарды көрді. Күз және көктем мезгілдерінде батпақтан аяқ алып жүргісіз Қарасу мөлтек ауданына дейін салынған жаяу жүргінші жолының сапасымен танысты. Қарасуға баратын жолдағы сайдың үстінен өтетін жаяу адам көпірімен жүріп өткен тұрғындардың пікірін тыңдады.