Ауданымызға БҚО «Ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжанов, «Орал зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Қадырбеков келіп, «Ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Сырым аудандық филиалының төрайымы Бақтылы Сәңкібаеваның атқарған жұмыстары жөніндегі есебін тыңдады. Б.Сәңкібаеваның денсаулығына байланысты «Ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Сырым аудандық филиалының төрағасы болып бірауыздан Аманжол Серғазиев, Сырым аудандық зағиптар қоғамының төрайымы болып Назгүл Тілегенова сайланды.

Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов он жеті жыл бойы аталған қоғамдық ұйымның тізгінін ұстап келген Бақтылы Сәңкібаеваға алғыс білдіріп, сыйлық табыс етті. БҚО «Ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжанов та сый-сияпат жасады.

 

Жаңадан сайланған «Ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Сырым аудандық филиалының төрағасы Аманжол Серғазиев пен Сырым аудандық зағиптар қоғамының төрайымы Назгүл Тілегенова жүктелген міндетті абыроймен атқаратындарын айтты.