Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі» атты дөңгелек үстел өтіп, оған Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл Айгүл Есекенова қатысты.

Айгүл Оразқызы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі қағидаларды мемлекеттік қызметші міндетті түрде орындау қажеттігін, тәртіптің күшейе беретіндігін, қызметтік көлікті тек қызмет мақсатында пайдалану, басшылардың қызметкерлерін жеке жұмыстарына араластырмауы керектігін айтты.

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан сұрақтар туындап, оған жауап берілді. Жиынды аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қорытындылады.