Бүгін, Сарой ауылдық округі, Шағырлой ауылында аудандық діни АТТ (ақпараттық түсіндіру тобы) мүшелерінің қатысуымен теріс діни ағымдардың жетегінде кетудің алдын алу мен дәстүрлі дінімізді насихаттау бағытында жиын өтті. Жиынға ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары, сонымен қатар Көздіқара ауылының тұрғындары да келіп қатысты. Аудандық мәслихаттың депутаты, «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық» КММ басшысы Д.Тайшиев, аудандық мешіттің найб имамы А.Жұма, теолог-маман, «Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Исламгалиев сөз сөйлеу кезінде дәстүрлі дініміздің маңыздылығы туралы айтып өтіп, жиынға қатысушылардың тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап берді. Жиын барасында қатысушыларға «Жат ағымдардан сақ болыңыздар!!!» жаднамалары таратылды.