Жылдың қай мезгілі болмасын балықшылардың балық аулауына еш кедергісін тигізбесі анық. Балық аулау кезінде балықшыларды орын алуы ықтимал төтенше жағдайлардан сақтау мақсатында Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Сырым ауданы әкімдігімен бірлесіп Жымпиты ауылының жанымен өтіп жатырған Өлеңті өзені бойына арнайы рейд ұйымдастырып, балық аулап жүрген балықшыларға арнайы жадынамалар таратып, түсінік жұмыстары жүргізілді.

Балық аулау кезінде төмендегі ережелердің сақталуын қатаң түрде ескертеміз:

- Өзіңізбен бірге алғашқы жәрдем жинағы, жарық құралы, аймақтың картасы және байланыс құралы болуы қажет;

- Балық аулауға кіріспес бұрын, таңдалған орынды тексеріңіз;

- Спирттік ішімдік пен есірткі қолдануға тыйым салынады;

- Қайығыңыздың жүзу қабілеттілігін тексеріп, оны құтқару жилеті, шеңбер, белдіктермен жабдықтау керек;

- Балық аулауға арналған қосалқы бөлшектерді борттың бойында, киім-жабдықтарыңызды орындығыңыздың астына немесе қайықтың бас жағына орналастырыңыз.

 

Төтенше жағдай фактілері болған жағдайда «112» нөміріне хабарлаңыз!