Алғабас ауылдық округінде аудандық әділет басқармасының басшысы Н.Қайыржанова, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ө.Уашев, аудандық ІІБ бастығының орынбасары Ж.Мурзашев, аудандық орталық аурухана директорының орынбасары А.Серікбаева, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы С.Бектенова,жұмыспен қамту орталығының директоры С.Иманғалиев, аудандық сәулет, құрылыс бөлімінің бас маман есепшісі Р.Баделов,аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Өрлеу» бағдарламасы бойынша кеңесші маманы Ә.Уталиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады Қабылдау барысында кеңес сұрап келген тұрғындарға мекеме басшыларымен мамандары кеңес беріп, заңдылықтарын түсіндірді.