Ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ» Алғабас ауылдық округінде мектеп, мекеме және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.Топ құрамында аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сарсенов, Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Ш.Дүйсенгалиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев, аудан прокуратурасының прокуроры Н.Дүйсембаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Галимов, аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасаы Ж.Аязбаев бар. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Мобильдік топтың мақсаты айқын, жемқорлықтың алдын алу, барша қоғамды осы жолда жұмылдра түсу. Жиналыс барысында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, арнайы сенім телефондары жазылған жадынамалар таратылды.

 

Мархат Гумарова