Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және «Сырым жастары» ЖҚБ ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне сатылай көшу» жөнінде дөңгелек үстел өтті. Жиынға әр саланың мамандары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, тіл мамандары қатысты. Жалпы жас мамандар, жас педагогтар, тіл мамандары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдайтындықтарын білдірді. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы.Екіншіден, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз. Іс-шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, колледж оқытушылары және әрбір мекеме қызметкерлері латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беретін қажеттіліктер туралы өз пікірлерін ортаға салды.