Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштер мен құралдарды қыс кезеңіндегі төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарға дайындау мақсатында Сырым ауданында «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

 

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ғабит Жасталап аудан әкімі Төлеген Төреғалиевке құрылымдардың оқу-жаттығуға дайын екенін баяндады. Оқу-жаттығу өткізуге аудандағы тиісті сала мамандары мен басшылары, техникалар, құрал-жабдықтар жұмылдырылды. Аудан басшысы қыс кезіндегі төтенше жағдайларға мекемелердің дайындығын қарап шықты. Басшылар Т.Төреғалиевке қысқа дайындық деңгейі туралы мәлімдеді.