Бүгін, аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратының мәжіліс залында спорт саласы мамандарының қатысуымен латын әліпбиіне сатылай көшу жұмыстарын өзара талқылау мақсатында жиын өтті. Жиын барысында аудандық жұмыс тобының мүшесі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы С.Нурпейсов, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев сөз сөйледі. Сонымен қатар, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Е.Махмет пен ішкі саясат бөлімінің бас маманы П.Илашева баяндама жасап, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.