Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қабылдау және өндеу бөлімінің бас маманы Ж.Зимуканова:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 369 бабының 3 тармағына сәйкес жеке тұлғалардың қөлік құралдары салығын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін болып табылады.
Көлік құралдары салығы жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша төленеді. Осыған орай салықтарды уақытында төлеуге шақырамыз.
Салықтарды белгіленген мерзімінде төлемегені үшін ҚР Салық кодексінің 610 бабының 3 тармағына сәйкес салық міндеттемесінің орындалмаған әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі.
Сонымен қатар салық төлеу міндеттемелерін орындамаған жеке тұлғаларға қатысты 8 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салынады және салық берешектерін сот органдары арқылы өндіріп алу шаралары қолданылады.