"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін А.Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектеп -балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 50 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтойға аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов, облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Хамзина, аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ерғазиева, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, ардагер ұстаздар, әр жылғы түлектер қатысып, ақ жарма тілектерін жолдады. "Білім ордасына -50 жыл" атты шараның I бөлімінде аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов пен мектепті 25 жыл басқарған ардагер ұстаз А.Жүсіпов арнайы жасалынған құрмет тақтасын ашты.

Шараның келесі бөлімінде қонақтар мектеп мұражайын аралады. Мұражай жұмысымен тарих пәнінің мұғалімі А.Кәкімғалиева таныстырды. Одан әрі салтанатты шараның III бөлімі конференция жұмысымен жалғасты. Конференция жұмысының бірінші бөлімінде бірқатар ұстаздар марапатталды. Атап айтсақ, аудан әкімі Т.Төреғалиевтің алғыс хатымен К.Сармағамбетова, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен Г.Аманшина,Қ.Егібаева, Н.Қабешова Г.Шналиева, Н.Үсенова, С.Елубаева, аудандық білім беру бөлімінің алғыс хатымен Р.Қарағойшина, Н.Мұхамбетқалиева, Г.Мұхамбетқалиева марапатталса, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Сайлауқызы мен облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинет директоры Аяғөз Орынбайқызы мектеп ұжымына Құрмет грамотасын табыс етті. Шараның соңғы бөлімінде мектеп тарихына, мектепте әр жылы елеулі қызмет атқарған ұстаздарға, еліміздің әр қиырында қызмет етіп жүрген түлектер хақында баяндамалар оқылып, ардагер ұстаздар естеліктерімен бөлісті. Түстен кейін жас палуандар күресі өтіп, ауыл көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне жалғасты. Өз кезегімізде мектеп ұжымына толағай табыс тілейміз!