"Сырым елі" қоғамдық-саяси газетінің 85 жылдық мерейтойына орай осы газеттің редакторы, ақын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Махмет Қажиахметовтын "Көгершін көңіл" атты өлеңдер жинағының тұсау кесері өтті. Кешті талантты жас ақын, журналист Бауыржан Ширмединұлы жүргізді. Шарада оқушылар ақынның өлең шумақтарын жатқа оқыды. Осымен төл газетіміздің 85 жылдық мерекесі аудан көлемінде жоғары деңгейде өтіп өз мәресіне жетті. Мерейтойға келген облыстық Жайық Пресс ЖШС ұжымы мен әр ауданнан келген жергілікті газеттің редакторлары, газетте бұрын жұмыс істеген ардагер журналистер ауданда болған бір күндік шараның куәсі болды.