Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.Осыған орай бүгін «Ветеринариялық – санитариялық сараптама саласындағы сыбайлас – жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында ауданаралық кеңес өтті. Кеңеске БҚО әкімінің бірінші орынбасары А.Өтеғұлов, аудан әкімі Т.Төреғалиев, БҚО ветеринария басқармасының бөлім басшылары, БҚО ветеринариялық зертханасының басшысы және бөлім меңгерушілері, аудандық ветеринария бөлімдерінің басшылары, аудандық ветеринариялық зертханалардың меңгерушілері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі А.Жұбаныш пен «Жаңару» сыбайлас – жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық ҚБ БҚО бойынша филиалының өкілі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Ә.Баяхов баяндама жасады. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, бейнероликтер көрсетіліп, арнайы сенім телефондары жазылған жадынамалар таратылды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың,жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.