Сырым ауданында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында 12, 3 млн теңгенің 13 жобасы жүзеге асырылған.

Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Батыс өңірлік коммуникациялар қызметінде ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Брифинг барысы «AQJAI Q»телеарнасы арқылы тікелей эфирге таратылды.
Аудан басшысы өзінің хабарламасында Сырым ауданының биылғы жылдың 10 айы ішіндегі даму көрсеткіштеріне негізгілеріне тоқталды. Сол сияқты, әкім ауданның әуелгі жұмыс тәжірибелері мен алдағы уақыттағы нақты жоспарлары туралы ақпарат бөлісуге де уақыт тапты. Кейін журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.
Сырым ауданында биыл барлық сала бойынша ілгерілеу бар. Соның ішінде, Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының арнайы жобаларын жүзеге асыруда Сырым ауданы биылғы жылы жақсы белсенділік танытты. Мысалы, «Туған жер» жобасы аясында 5 ауылдық округте жерлестер форумы өтті. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің мәлімдеуінше, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында Сырым ауданы бойынша жерлес кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар арқылы құны 12, 3 млн теңгенің 13 жобасы жүзеге асырылған.
Брифингтің түсірілімі бүгін кешкі сағат 18:25 – те «AQJAI Q»телеарнасынан қайта көрсетіледі.