Өткен жексенбіде «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына арналған футзалдан Сырым аудандық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Қараша айынан бастау алған турнир наурыз айына дейін жалғасын табады деп жоспарлануда. Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов пен «Қайсар» спорт клубының директоры Б.Ихсанов қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Турнирге жалпы есепте 17 команда қатысты. Оның 10 ауылдық окургтерден құрылған болса, 7 команда аудан орталығынан құрылды. Аудандық спорттық шараның жалпы мақсаты жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын сақтау, жастар арасындағы достық қарым – қатынасты қалыптастыру