ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор Донеділ Қажымов әндерін орындаушылардың II -ші Республикалық "Ақ Жайық- ару мекенім" атты ән фестивалінен жерлесіміз мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің музыка жетекшісі Бекей Қанатов жүлделі I орынды иемденді. Бекей Мейрамғалиұлын жеңісімен құттықтай отырып, әлі де алар асуы мен бағындырар шыңы көп екендігіне сеніміміз мол! Ендеше, өнер шыңында қанатың талмасын, Бекей!