Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов, «Аманат Жайық» қоғамдық қорының төрағасы Е.Жұмағожиев, БҚО орталық мешітінің наиб имамы, теолог маман Б.Сабралиев арнайы қатысты. Жалпы мақсат халықты жұмыспен қамтуда үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан жан – жақты қолдау шараларын кеңінен түсіндіру. Отырыс барысында бөлім басшылары мемлекеттік бағдарламалардың мазмұнын түсіндіріп өтті.Сонымен қатар ауданда "Нұр Отан"ғимаратының пробация кабинетінде әр айдың 3 аптасының сейсенбі күні сағат 15.00-17.00 аралығында пробация есебінде тұрған азаматтарды қабылдау өткізілетін болады