Аудандық білім беру бөлімінің мәжіліс залында қоғамдық ұйым төрағалары мен мүшелері, ұстаздар және мәдениет қызметкерлері, колледж студенттері діни ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен кездесу жиын өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов, «Аманат – Жайық» қоғамдық қорының төрағасы Е.Жумагужиев, БҚО орталық мешітінің наиб имамы, теолог маман Б.Сабралиев қатысты. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында діни ахуал күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселе екені айтылып келеді. Осы бағытта жұмыс атқарып жатқан ақпараттық топтың ішкі тұрақтылықты сақтауға тигізіп отырған ықпалы көп екенін айта кету керек. Жиында қатысушылар топ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.