Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының ғимаратында «Ахаж қызметтері» бойынша ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында дөнгелек үстел оздырылды. Дөнгелек үстелге қатысқандар аудандық әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторинглеу бөлімінің бас маманы К.Ишангалиев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы С.Нұрпейсов аудандық мәдениет тілдерді дамыту және спорт бөліміне қарасты ахаж қызметінің бас маманы А.Ишмуханова және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері. Бұл дөнгелек үстелде мемкорпорация қызметкерлері қабылдайтын ахаж қызметі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қабылдаған уақытта қателіктер туындаған жағдайда тұтынушылар тарапынан наразылық туындамау үшін бірлесіп заң аясында шешу тапсырылды.