ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерексіне орай 13 желтоқсан күні аудандық «Жас туристер станциясы» КММ-ның ұйымдастыруымен үйірме оқушылары арасында «Тәуелсіз елдің Ұланымыз» атты мәнерлеп оқу сайысы және сырттай сурет байқауы ұйымдастырылды. Шараға мекемеге қарасты үйірме тәрбиеленушілерінен барлығы 30-дан аса оқушы қатысып, байқау шарттарына сай оқушылар тәуелсіздік тақырыбында ақындардың, сонымен қатар өз шығармаларынан өлеңдер оқыды. Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар табысталды.