Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзагүл Ерғазиева ардагер ұстаздарды қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында болашақ ұрпаққа сапалы тәрбие беріп, еңбегінің нәтижесінде бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындаған ардагер ұстаздарға алғыс білдірді. Аға буын ұстаздар бүгінгі бала тәрбиесіне, оқыту процесіне қатысты пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұстаздарға көмек қолын созуға дайын екендіктерін айтты.