Бүгін Елбасының "Болашаққа бағдар рухани жаңғыру" мақаласы аясында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының және "Сырым жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Жыл үздігі-2017" жастар премиясын табыстау салтанаты оздырылды.

"Жыл үздігі-2017"жастар премиясының басты мақсаты ауданда жастар саясатын қолдау мен әр сала үздіктерін анықтау. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Салтанатты шарада аудан әкімі Т.Төреғалиев жас үздіктерді құттықтап, "Жанашыр жастар" аталымының иегерлері Алғабас ауылдық округінің жастарына диплом табыс етті.Жалпы жастар премиясында 8 аталым бойынша үздіктер анықталды.Атап айтсақ "Үздік маман-2017" атағымен аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Қ.Раймов, "Үздік спортшы- 2017" аталымы бойынша М.Ерболатов, "Үздік мектеп көшбасшысы" аталымы бойынша Н.Қабденова, "Үздік жас ұстаз" аталымы бойынша Жырақұдық орта мектебінің мұғалімі Қ.Әбілқасымов, "Үздік денсаулық сақтау қызметкері" аталымы бойынша орталық аурухананың хирург дәрігері Қ.Бисенғалиев, "Үздік ауыл шаруашылығы қызметкері"аталымы бойынша Т.Қайыржанов және "Жыл жаңалығы"аталымы бойынша "Айналайын"би тобы үздік деп танылды.Сонымен қатар әр саладан бақ сынаған үміткерлер, жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Әрбір қазақ жастары өзд ерін ұлтжандымын деп ұғынып,өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек.Еліміздің бейбітшілік аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп,тек қана алға ұмтылуға жұмыстана бермек.Өз кезегімізде ел тұтқасын ұстар жас мамандарға жұмыстарына сәттілік тілейміз.