Сіз Сырым ауданының өкіл имамы болған кезінде аудандағы діни ахуалды реттеуге үлкен еңбек сіңірген адамсыз. Діни біліміңіз екібастан, басшы ретіндегі іскерлігіңіздің өзі Сырым ауданының рухани әлеуетін жаңа биікке бастады. Сізге әріптесіңіз есебінде ел үшін жасаған еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін! – деді аудан әкімі өзінің сөзінде. Аудан басшысы Бақытжан Сабырәлиевке арнайы алғыс хат тапсырып, шынайы құрметтен жерлес ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығы топтасқан 18 томдық еңбекті сыйға тартты.

Бақытжан Құралбайұлының Сырым ауданындағы еңбегі тек әкімге ғана білінген жоқ. Ол кісінің діни ғана емес, ағартушылық жұмыстары да жақсы нәтиже бергенін ел растайды. Осы арқылы имам мырза аз уақыт ішінде ауданның рухани көсеміне айнала білді. «Жымпиты - Мәскеу» халықаралық экспедициясының да мүшесі болған Бақытжан Құралбайұлы тарихи – танымдық жұмыстарға да қал – қадірінше үлес қосты.
Бақытжан Сабырәлиев бүгінгі күні Батыс Қазақстан облыстық мешітінде наиб имам қызметін атқарады.