Ақынды аудан әкімі Т.Төреғалиев, аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов, С.Датұлы атындағы тарихи – өлкетану музейінің меңгерушісі А.Ойшыбаева қарсылап алды. Қазыбек Жарылқасынұлы алдымен Алаш қайраткерлеріне арналған музейді аралап, тарихи жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар Алаш саябағын аралап, Сырым Датұлына арналған тарихи – өлкетану мұражайымен танысты. Қазыбек ақын бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері. 2008 жылы «Тәтті шөл» кітабы үшін Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты атанып, 2009 жылы Қазақстанның Мәдениет қайраткері атағына ие болды.