Жаңа басшысы ұжымға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев таныстырды. 

Әлеуметтік сала, соның ішінде жұмыспен қамту мәселесі – бүгінгі күні тұтас елдің де, тұтамдай елді мекеннің де тағдырын шешіп отырған сала. Басқалар секілді, Сырым ауданы да өзінің әлеуметтік - экономикалық даму дәрежесін әлеуметтік саламен тығыз байланыстырады. Бөлімнің жаңа басшысының алдында осындай ірі міндетті атқару сенімі тұр. Аудан басшысы жаңа басшы өзінің біліктілігі мен тәжірибесін игілікке жұмсайды деген ниетте.
Айта кетейік, Өркен Әменов осыған дейін Алғабас ауылдық округінің әкімі болы қызмет атқарды.