Тәуелсіздік мерекесіне орай Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының және «Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дін бірлігі – Тәуелсіздік тірегі!» атты мектеп оқушылары арасында жыр мүшәйрасы оздырылды.

Мүшәйраның мақсаты сан ғасырлық тарихымыздағы дәстүрлі дініміздің алар орнын пайымдау, ұлт бірлігі, ел тәуелсіздігін сақтаудағы Ислам құндылықтарын насихаттау, асыл дініміз бен ұлттық салт – санамыздың ұштасқан озық үлгілерін дәріптеу. Сайыс барысында оқушылардың еліміздегі діни ахуалға бей – жай қарамайтындықтары аңғарылды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, өлең жазуда көркем тіл шеберлігімен және ой ұшқырлығымен көзге түскен оқушылар үздік деп танылды. Атап айтсақ, жүлделі 3 орындарды Қызылағаш орта мектебінен А.Бақтыгереева, Қособа орта мектебінен М.Нұрғали және Талдыбұлақ орта мектебінен Р.Мүтиғоллина, жүлделі 2 орындарды Сырым орта мектебінен Ш.Төкеш пен Аралтөбе орта мектебінен Б.Алмағамбетов жүлделі 1 орынды Бұлдырты орта мектебінен Ж.Матышева иемденді.Мүшәйраға қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы дипломдармен,сыйлықтармен марапатталды.