Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Елтай және Талдыбұлақ ауылдық округтерінде жұмыс сапарымен болды.

Аудан басшысы Қадырбек Шулеуов жетекшілік ететін «Қарабура» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Бұл шаруашылықта бүгінгі күні 222 аналық ірі қара малы, 300 – ден аса ұсақ мал мен 425 бас жылқы бар. Жазғы далалық жұмыстары кезінде қожалық мал азығын мұқият қамдап алды. Ауладағы 3200 бума шөп мал басына толық жетеді деп күтілуде. Шаруашылық үшін қыстақ қалыпты басталды. Осы күні екі ауылдық округтің орталығында аудан әкімдігінің ашық есігі күндеріне орай жиналыстар өтті. Жиналыстарға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев бірқатар әріптестерімен бірге қатысты. Тұрғындармен болған кездесулерде ветеринариялық жұмыстарды атқарудағы кемшіліктер көптеп айтылуда.