Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді ұлық мереке ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті.

Еліміздің қарқынды дамуы ішкі бірлік пен тұрақты саясаттың арқасы. Мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі., Тәуелсіз отанымыздың айбыны мен мақтанышы болған астана тағы бір мәрте әлемге өзін танытты. Күні кеше ғана жер жаһанды дүбірлетіп ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесін абыроймен өткіздік. Шын мәнінде бұл біздің бірлігі бекем халқымыздың ерен еңбегінің арқасы. Елбасымыздың әлем алдындағы саяси беделімен еліміздің күннен – күнге қарқынды дамуының көрінісі.

Тәуелсіздік

Ғасырлар үні жаңғырып жеткен бостандық,

Ғасырлар бойы зарығып жүріп тосқан құт

Аңсаған арман қанатындағы бір үміт,

Азаттық оты өшпесе екен деп жасқандық.

Тарихты айтып жыр кәусарын төккенде,

Ұқсайма өзі ақырын жеткен көктемге?

«Тәуелсіздік» деген жалғыз сөздегі

Құдіретке – бар құдырет жеткен бе?

Жайдары жаздың шуағы құшсын алашым,

Көктемнің гүлі көркейтсін дархан даласын.

Жаратқан Тәңір оятсын ұрпақ с анасын.

Ұлағат тұтар ұлықтар менен данасын.

Ата – бабамыз нар тәуекелге барғасын,

Қыран құстың қанаты еш талмасын.

Желбіреген, мәңгілік елдің көгінде

Тәуелсіздік туы биікте мәңгі самғасын

Тәуелсіздік- тұғырым, менің – ырысым,ъ

Қырандай самғап, кеңіткен кеуде тынысым.

Қарашаңырақ астына жиған Отаным,

Тағдыры, тілі, танымы бөлек ұлысын