Салауатты өмір салты деп жатамыз. Бұған, адамның спортпен айналысуы, дұрыс тамақтануы, түрлі зиянды әдеттерден аулақ болуы жатады. Бұл - адамның жеке ұстанымына байланысты.

Бірақ, кісі денсаулығына кері әсер ететін – сапасыз ас - суды тұтыну, залалды еңбек жағдайларында жұмыс істеу, алуан эпидемиялық аурулар сияқты сыртқы факторлар да бар. Міне, бұлардан адамға келетін зиян мөлшерін қадағалау, мөлшерден асып бара жатса дабыл қағу – санитарлық – эпидемиологиялық қызметкерлерінің құзырындағы шаруа.Осыған орай бүгін «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Ж.Құрманов пен аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының мүшелерімен, аудандық санитариялық – эпидемиологиялық станция қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Ж.Құрманов шағын дүкендерді, қоғамдық тамақтану орындарының тексерісі 2016 жылға қарағанда 7 есеге азайғандығын атап өтті. Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.