Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталықтары елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнде қызмет көрсетуде. Солардың бiрi аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы. Бұл күнде аталған орталық бұрынғы нөпiр кезектi жойып, халыққа оңтайлы, тиiмдi қызмет көрсетiп, жұмыс жасауда.

«Бiр терезе» қағидасы бойынша ұсынылатын қызмет түрлерiн жетiлдiру, әлеуметтiк маңыздағы және халық арасында үлкен сұранысқа ие қызмет түрлерiн азаматтарды тiркеу, жылжымайтын мүлiкке құқықты тiркеу жұмыстарын жүргiзу бас назарда тұр. Бұл iстердi жүзеге асыруға аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы барынша ат салысуда. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында 2007 жылдан бері тынымсыз еңбек атқарып жасап келе жатқан Сұлушаш Қажым корпорацияның мемлекеттік қызметінің сапасын арттыру,жұмыстағы тиімді нәтижелері үшін республикалық үздік қызметкер деп танылып, арнайы алғыс хатпен марапатталған болатын.. Сұлушаш Ермекқызы алған марапаты тек өзінің ғана емес барша халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарының жетістігі екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар мемлекеттік корпорацияға келген әрбір адамға сапалы қызмет түрлерін көрсетіп, көңілдерін табу да басты мақсат екендігін атап өтті. Әріптестері де Сұлушаштың жұмыста белсенді халықпен жұмыс жасауда алғыр маман екендігін айтты.