Кеше 16 желтоқсан күні Сырым ауданының перзентханасында сәби дүниеге келді. ҚР Тәуелсіздігі мерекесі күні аудан орталығындағы Сатановтар жанұясы осындай игі қуанышқа кенелді. Осымен отағасы Мұрат пен отанасы Диана үшінші перзенттің ата - анасы атанып отыр.

 

- Сәбиіміз ел егемендігінің мерекесі күні дүниеге келді. Биыл - ел үшін мерейлі жыл. Қызымыз бұл сәйкестікті күні ертең мақтанышпен айтатын болады! - дейді жас ана Диана Исмағұлова.

Бүгін перзентхана палатасындағы жас ананы "Сырым жауһарлары" қоғамдық ұйымының төрайымы Мәншүк Бахитова арнайы құттықтады. Ұйым өкілі ана мен сәбиге мерекелік сыйлық тарту етті.

 

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы