Сырым ауданында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты жұмыс сапарымен болды.

Бүгін Сырым ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев келді. Депутат мырза әуелі Ж. Досмұхамедов атындағы мектеп – балабақша кешеніндегі мұражай бөлмесін және аудан орталығы Жымпиты ауылындағы Алаш мұражайын көрді.

Осы күні Сырым аудандық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің төрағалық етуімен ауылшаруашылық мәселелері бойынша жиналыс өтті. Жиналысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев, Батыс Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Берік Есенғалиев және округ әкімдері, шаруашылық құрылымдарының басшылары, ауылшаруашылық кооперативтердің мүшелері, ветеринар мамандар қатысты. Жиналыста аудан шаруалары ауылшаруашылық техникаларының құнының қымбаттауы, ауылшаруашылық саласының мамандарын мемлекеттік қолдау туралы ұсыныстар көтерді.

Жиналыстан кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаевтың жұмыс сапары Шолақаңқаты ауылдық округінде жалғасты. Бұл жерде Жексенбай Дүйсебаев әріптестерімен бірге Қайрат Меңдіғалиев жетекшілік ететін «Правда» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.