Осы күні Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиевтың қатысуымен жиналыс өтті. Жиналысты Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев жүргізді. Жиналыстың күн тәртібі бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаттары сөйледі.

Сенатор Ерболат Мұқаев өзінің сөзінде, Сырым ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуын өте жақсы деп бағалайтынын айтты. 
Батыс Қазақстан өңірі бойынша үш ауданды мысалға келтірейін. Сырым ауданы, Қаратөбе және Шыңғырлау ауданы. Бүгінгі күні бұл үш аудан көгілдір отынды 100 % тұтынып отырған аудандардың қатарында. Бұл аудандарда жол мен ауыз су мәселесі де өте оңтайлы шешілген. Сырым, Қаратөбе және Шыңғырлау ауданы осы көрсеткіштердің өзі бойынша облыс түгілі, республикалық көрсеткіштен де жоғары тұр. Әлеуетті аудан болу деген – осы! – деді Мұқаев мырза. 

 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нариман Төреғалиев бүгінгі қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелер мен өзгерістер туралы пікір білдірді. Сырым ауданының активі депутаттарға зейнеткерлерге арнайы статус беру, мектептердегі ғаламтордың жылдамдығын арттыру, зхалыққа ұсынылатын мәдени шығармашылық өнімдерді сараптайтын көркемдік кеңес құру, тележобалардың мазмұнын қадағалау туралы ұсыныстар берді. Соңғы екі ұсынысты айтқан Сырым аудандық мәслихатының депутаты, мәдениет саласының қызметкері - Серік Тоқмамбетов. 

Жиналысты аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қорытындылады. Кейін сенаторлар Жымпитыдағы Алаш мұражайымен танысты.