ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев Самара – Шымкент халықаралық күре жолының бойынан салынып жатқан «Жібек жолы» автокешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. 

Ғанимат Нұрмұханов жетекшілік ететін «Жібек жолы» шаруа қожалығы негізінен мал шаруашылығымен айналысады. «Жібек жолы» автокешені – қожалық үшін ғана емес, Сырым ауданының кәсіпкерлік саласы үшін де табысты қадам болғалы тұр. Бұл жерде автокөлік жуу мен көлік дөңгелектерін жөндеу сервистері, заманауи сауна, сонымен бірге супермаркет, асхана, 16 бөлмелі қонақүй секілді қызметтер үйлестіріледі. Кешеннің құрылысы 2018 жаз айларында толық аяқталады деп күтілуде.