Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтарда жариялаған жолдауы-елімізді зор жетістікке жетелейтіні анық.

 

Жолдау-түп тамырынан қазақ елін жарқын жолға бастайды. Мектебімізде əріптестерімізбен жолдауды талқылай отырып, басым бағыттарына тоқталған болатынбыз. Менің ойым, Қазақстанның болашағы үшін "Ақылды технологиялар" -агроөнеркəсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігіне ие болу, аграрлық ғылымды дамыту мəселесі. Біз осыған дейін егін егіп, дəнді дақылдарды өсіруді үйрендік. Алайда, ол Қазақстанның үшінші жаңғыруы үшін жеткіліксіз. Сол үшін аграрлық ғылымды дамыту жолға қойылу керек. 


Жолдаудағы 4 мəселеде көлік -логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру. Сырым ауданындағы орналасқан халықаралық жол трассасында күніне қаншама жүздеген көліктер өтеді. Əрбір жүк көлігіне қызмет көрсету арқылы көптеген қаржы түсіруге болады. Қазір ауданда жұмыссыз азаматтарды қолдай отырып осы игі бастаманы көтерсе, аудан үшін жетістік болар еді.

Латын əліпбиіне көшу-оқушыларды лайықтау. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде нақты кестесін даярлау қажет. 
Жемқорлықпен күресу- заңның үстемдігі. Мемлекеттік органдардағы процестерді жүйелі цифрландыру. Азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізілу керек. 

Педагогтар үшін жағымды жаңалық - мұғалім мəртебесін арту мақсатында жалақының көтерілуі. 

Қорыта келе, жолдау- жарқын болашақты жетістіктерге жетелейді.