Елбасымыз осы аптада Қазақстан халқына арнаған кезекті дәстүрлі жолдауын жолдады. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдау қазақ елінің тарихында үлкен тарихи құжат болып сақталатыны ақиқат. Біз жаһандық ахуалға нақты мақсат қойдық, нақты міндет қойдық, яғни біздің болашаққа арқалаған сеніміміз зор. Ұлт көшбасшысы жыл сайын үлкен тарихи құжаттарды қабылдауда. Еліміздің озық отыз елдің қатарына кіру үшін «Қазақстан-2050» даму стратегиясының маңызы зор. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары құжатының маңызы айтпасада түсінікті. Бұл құжат арқылы біз келешекке қам жасадық, болашаққа нақты қадам бастық. Ал былтырғы қабылданған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының орны тіпті ерекше. Мақалада тұтастай қазақ елінің ұлттық құндылығы, төл тарихы мен мәдени қазынасы қарастырылған. 


Елбасымыздың кешегі жолдауда әсіресе индустрия мен инновацияға көңіл бөлді. Қазір жер жаһанда инновациялық технологияға сұраныс көп. Ол дейтініміз демек жергілікті жерде инженерлік қызмет көрстеуді дамыту керек, сол арқылы біз ІТ мамандарды дайындауымыз керек. Басқа басқа маған қатты ұнағаны Елбасымыз жолдаудың жетінші бағытында қазақ тілінің мәртебесі үшін үлкен мәлімдеме жасады. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі жасақтап, қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек дегені жаныма ерекше жігер берді. 


Қазіргі таңда барша адамзаттың басына қатерлі ісік ауруы үлкен қауіп төндіріп тұр. Бұл дерттің алдын алу қазіргі қоғамның басты міндеті болып тұр. Осы тұрғыда Елбасы кешегі жолдауында онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет деді. Бұлда қаймана халықтың көптен күткені еді. 


Елбасымыздың жыл сайынғы жолдауларынан туындаған көптеген тапсырмалар еліміздің үлкен бағдарламасы ретінде қабылданып, болашаққа бағдар алуда. Біз жастар осындай ортақ істен тыс қалмай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмылуымыз керек,

 

 

Аудандық мәслихат депутаты Д.Тайшиев