Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Ерлан Мақашев 1-қаңтарда тоқсанның төріне шыққан Уәлиахмет Қыдырғалиев ақсақалды құттықтап, шаңырағына бас сұқты. Аудан әкімінің құттықтауын табыстап, қарияның иығына шапан жапты. Ауыл әкімі Е.Мақашев естелік сыйлық табыс етті.