Бүгін Сарой ауылдық округінің Көздіғара және Жетікөл ауылдық округінің Жетікөл елді мекенінде әкімдердің еесеп беру жиыны өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, жұмыспен қамту орталығының басшысы Саламат Иманғалиев, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Сырым аудандық филиалының басшысы Қайырболат Оспанов, Сарой сайлау округі бойынша округі аудандық мәслихат депутаты Досжан Тайшиев қатысты. Басшылар өз салалары бойынша аталған елдімекендерге қатысты мәлімдеме жасады. 


Сарой ауылдық округінің әкімі Айбол Жакиев 2017 жылдың атқарылған жұмыстары туралы баяндады. Көздіғара ауылында көше шамдарын орнату, құрылысы басталған клубты аяқтау мәселесі жолға қойылған. Ауыл тұрғындары әкімнің есебіне оң бағаларын беріп, несие алуға жәрдемдесу, жұмысқа орналасудың, моншаға газ өткізу туралы, спорт алаңын ретке келтіру, мектеп жиһаздарын жаңалау, электр бағаналарын ауыстыруға қатысты көмек сұрап, ұстаздардың зейнатақы қорына және іссапар ақысы уақытылы төленбейтіні жайында уәждерін айтты. Жиынды түйіндеген аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов айтылған мәселелердің біртіндеп мүмкіндігіне қарай шешілетінін жеткізді.

 

Жетікөл ауылдық округінің Жетікөл елді мекенінде өткен есеп беру кездесуінде округ әкімі Салауат Ғабдуллин әлеуметтік-экономикалық даму, 2017 атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алда тұрған міндеттер туралы баяндама жасады. Мұнда Жетікөл бастауыш мектебі ағымдағы жөндеуден өтіп, есік, едендері жаңартылған. Елдімекеннен бір шақырым жерде орналасқан Бұлдырты көшесіне газ тарту үшін ЖСҚ жасақталып, жауабы күтілуде. Қосарал, Жетікөл ауылдарын «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су кіргізу үшін ЖСҚ дайындалды, сараптамадан өткен соң, қаржы бөлінеді. Ауыл тұрғындары Жастар тәжірибесімен жұмысқа орналасу, жол, бөгетті бөгеу туралы ұсыныс-сауалдарын жеткізді.