Аудан, ауыл әкімдерінің есеп беру жиыны бүгін Жымпиты ауылдық округіне қарасты Бірінші май елді мекенімен жалғасын тапты. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов,электр жүйесі торабының басшысы Ж.Молдашев, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Молдағалиев, Сырым ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметі басшысы Е.Журалиев, ветеринария бөлімінің басшысы Ш.Райсов, ветеринариялық станция бөлімінің басшысы А.Хамзина қатысты. Жымпиты ауылдық округі әкімі А.Баяндықов өткен жылдың қорытындысымен таныстырып өтті. Бірінші май елді мекенінде газ құбырлары іске қосылып, елді мекен толықтай газбен және жарықпен қамтамасыз етіліп отыр.Сонымен қатар биылғы жылы Бұлдырты және Жымпиты ауылдық округтері дербес бюджетке ие.Бірінші май елді мекені шағын болса да өз жұмыстарын дөңгелентіп отырған 9 шаруа қожалығы бар. Кездесу барысында ауыл ақсақалы «Алпысбай» шаруа қожалығының иесі А.Джузжасаров әкім есебіне және жасалынып жатырған жұмыстардың нәтижесіне тұрғындардың көңілдері толатындығын жеткізіп, қазіргі таңда маңызды мәселелер елді мекендегі су тапшылығы, жарық бағаналарының ауыстырылуы және жол мәселесі жөнінде сөз қозғады. Көтерілген мәселелер бойынша электр жүйесі торабының басшысы Ж.Молдашев пен ауылдық округ әкімі А.Баяндықов жауап берді.Есептік жиынды аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов алған мәселелердің шешу жолдары қарастырылатынын айтып, жиынды қорытындылады. Жиыннан соң аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ажмұханбетұлы мен округ әкімі Арман Толқынұлы «Хамза» шаруа қожалығын аралап, жай – күйімен танысты.