Елбасының халыққа Жолдауы жақсы дәстүрге айналды. Биылғы Жолдауда айтылған 10 негізгі тапсырма Қазақстаннның қысқа мерзім ішінде дамуын анықтап бермек. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл – ауқатының маңызды негізі ретінде әлеуметтік салаға, зейнетақымен қамсыздандыруға баса назар аударған. Елбасы Жолдауының жетінші міндетінде білім берудің жаңа сапасына тоқталды. Ең қуантарлығы өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлер, лабораториялар және 3D принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері құрылатын болады. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл дегеніміз жаңа бағдарламалар, жаңа оқулықтар және жаңа кадрлар болмақ. Қорыта келе, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, барша қазақстандықтар еліміздің озық 30 елдің қатарына еніп, әлемнің алпауыт елдерімен иық тіресіп бәсекеге түсе алатындай ел болуы үшін аянбай еңбек етуіміз қажет.

Қуаныш Раймов, аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері.