Елбасымыздың биылғы жылғы Халыққа Жолдауы елдік мәселелерге жан жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетумен ерекшеленеді. Халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайы жылма – жыл жақсара түсуде. Жолдауда білім беру саласындағы өзіндік озық жүйемізді құруды жеделдету қажеттілігі атап өтілген. «Баршаға кәсіптік техникалық тегін білім беру» жобасын алдағы уақытта да тиімді жүзеге асыру керек екендігіне баса назар аударады. Бұл жастар үшін қайта оқуға немесе мамандық алуға үлкен мүмкіндік. Жолдауда көрсетілгендей заманауи технологияларды ел өмірінің басым салаларына енгізу арқылы экономикалық дамудың жаңа бағыттарын жасау – бүгінгі күннің басты талабы. Президент Жолдауынан туындаған міндеттер әрқашан жастар үшін зор мүмкіндіктер береді. Сондықтан біздер, жастарға, іздену, жаңалыққа, жаңаға құштар болу, табысты болуға ұмтылу керек. Қорыта келгенде, Елбасымыздың биылғы Жолдауы да бірлігі бекем елімізді асқаралы асуларға жеткізіп, жарқын болашақтың бағдарына айналатындығына сенім шүбәсіз.

 

Нұртілеу Болат,

"Сырым жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.