ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңа жолдауын интернет ресурстағы отандық ақпарат көздерінен оқыдым. Жолдаудың мазмұнын «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген тақырыбының өзі ашып тұр.


Бәсекелестік жағдайында күшіңді есептей білу өте маңызды рөл ойнайды. Қазақстан - өзінің даму мүмкіндігін өте сауатты есептеп отырған ел. Биылғы жолдауда да бәрі есептелген: мүмкіндік, уақыт және нәтиже.


Біздің мемлекеттің индустрияландыру ісінде жаңа технологияларды қолдану жағынан көшбасшыға айналу, табиғи ресурстарға деген мұқтаждықтан арылу, қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату сияқты жоспарлары Қазақстанның нақты қауқарымен санасқан түрде құрылып отыр. Бұл жоспарлар өзінің межелі уақытынан кешікпей жүзеге асады. Себебі, дәл осы күнді де қазақ бір кездері армандаған. Мәселен, Сырым ауданындағы ауылдардың көгілдір отынды, таза ауыз суды, сапалы ұялы байланыс пен тегіс жолды армандағаны кеше ғана. Бұл игіліктер бүгінгі күні ауыл үшін қалыпты жағдайға айналды. Бұл нені көрсетеді? Бірлік пен ынтымақ – даму үшін ең мықты мүмкіндік.

 

Мен – мәдениет саласының қызметкерімін. Ел үшін экономикалық және саяси әлеуметтік дамумен бірге рухани дамудың да маңызды екенін жақсы білемін. Мемлекеттің «цифрланып» кетуінің арғы жағында адамдық сезімдердің, рухани құбылыстардың «автоматтануы» деген қауіп тұр. Осыны ескерген Қазақстан соңғы жылдары ұлттық сананы жаңғыртудың үдерістеріне өте жауапты кірісті. Мен өзімді осы іске атсалысуға міндетті адаммын деп есептеймін.

 

Бекей Қанатов, мәдениет қызметкері