Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Жаңаөңір ауылындағы есептік кездесуіне қатысты. Тұрғындар алдында Алғабас ауылдық округінің әкімі Мейірбек Хасанов есеп берді. 

Мал ұрлығы мәселесі Жаңаөңір елді мекенін айналып өтпепті. Дәлірек айтқанда, мал ұрлайтын ұры Жаңаөңірді айналып өтпепті. Қайдан айналып өтсін, ауылдың малы бағымсыз, иесінің қадағалауынан ада болып, далада жүрсе. Ұрлыққа себепкер жайттың бірі осы болып тұр бүгін. Оның осылай екенін өзінің сөзінде аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығының орынбасары Жанболат Аязбаев та айтты. 

Тәртіп сақшылары ұрлыққа себеп іздеп жүрсе, тұрғындар ұрлықтардың неге ашылмайтынына себеп іздеп жүр. Қысқасын айтқанда, жаңаөңірліктер Алғабас ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторының жұмысына көңілтолмаушылық білдіріп отыр. Қызметіне мұқияттылығын былай қойғанда, кейбір ауыл тұрғындары инспектор мырзаның қызмет барысындағы дөрекілігін де байқаған. Оны тұрғындардың ауызынан аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығының орынбасарының өзі естіді. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев елдің шағымын ескеруді, учаскелік қазіргі күні Алғабас ауылдық округі бойынша 7 бірдей мал ұрлығына қатысты қылмыс ашылмай тұр. 

Жаңаөңір ауылындағы есептік кездесу қызу пікір мен орынды ұсыныстардың алаңына айналды. Ұсыныс деген шығады, ауыл тұрғыны Тарғын Қошқарбаев Жаңаөңір елді мекенін 6 шақырым әріректе орналасқан Алқакөл тұзды көлінің шипалық қасиеттерін насихаттап, көлдің басына келушілерге арналған қызмет көрсету орынын ұйымдастыру туралы ұсыныс айтты. Бұл ұсыныспен жұмыстанатын алғыр адамдар болса, оларға пайда, ал ауданның туризмі үшін жақсы жаңалық болар еді. 

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев елді мекендердегі жұмыс сапарлары барысында әлеуметтік нысандардың да жұмысымен танысуда.