1 наурыз күні Қособа ауылында "Алғыс айту" күніне орай салтанатты шара оздырылды. Ауылдық округ әкімі Ж.Сатаев арнайы шақырылған ардагер ұстаздар мен медицина саласының ардагерлерін мерекемен құттықтап, алғыс хат пен естелік сыйлықтарын табыс етті. Мектеп ұжымы атынан Сағынбай Серікұлы, Мұса Самиғоллаұлы, Әлия Темірханқызы құттықтау сөз сөйлеп, мерекеге орай ардагерлерге сый-құрметтерін көрсетті. Жиын соңы ауыл өнерпаздары мен мектеп оқушыларының шағын концерттік бағдарламасына ұласты.