Жымпитылық Саку Валитов пен зайыбы Фатима Валитованың отасқандарына биыл 62 жыл болады. Отағасы Саку қарт - жаппай аштық, Ұлы Отан соғысы, тың игеру сияқты тарихи оқиғаларды көзімен көргенадам. Сосын ба екен, бүгінгі күні тыныш тірліктің өзіне шағым айтып жүргендерді түсінбейді. Ол бүгінгі ұрпақтың басына ең бір берекелі заман туды дейді. Осының барлығын Фатима әжей жайған дәмді дастарханның басында отырып тыңдадық. 


Ақмамбетовтер әулеті тек Сырым ауданы емес, бүкіл өңірге педогогикалық династия ретінде белгілі. Олардың педагогикалық өтілі 525 жылды құрайды. Әулеттің анасы, педагог, ақын Кама Хабиқызы алғыс айтып барған құттықтаушылардың өздерін алғыс айтып қарсы алды. 


Алғыс айту күні мерекесі Сырым ауданында әр мекемеде, әр жанұяда осындай жылышыраймен әрі жақсы ықыласпен тойлануда.