Көктемнің алғашқы күні республика көлемінде алғыс айту күні болып бекітіліп, әр аймақта мереке ретінде аталып, адамдар бір-біріне жақсы тілектерін жолдап, тойланып келеді.

Осы мерекеге орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ө.Әменов мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне бас сұғып, хал-жағдайларын біліп қайтты. Және "Нұр шуағы" қоғамдық бірлестігінің оңалту тобының оқушылары тәрбиешілерімен бірге аудан басшысы Т.Төреғалиевке алғыстарын білдіріп, өздерінің қолдан жасаған туындыларын табыс етті.